Ардагер ұстаздар өз таңдауларын жасады

Білім беру ісінің үздігі,  аға мұғалім Мұқанғазина Ғалия Ғазезқызы мен білім беру ісінің үздігі, еңбек ері Жамал Қажымұрат Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады

Ардагер ұстаздың айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Ол халықтың таңдауы мемлекет дамуының негізгі бағыттарын айқындауда ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

«Сайлауға қатысып, таңдау жасау әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі деп ойлаймын. Біз бүгін өз таңдауымызды білдіру арқылы еліміздің ертеңіне қатысты ұстанымымызды көрсеттік. Әсіресе, ардагер ұстаз ретінде қоғамның болашағы жас ұрпақтың қолында екенін жақсы түсінемін. Сондықтан білім мен тәрбиені дамытуға, балалардың сапалы білім алып, өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бастамалардың қолдау табуы маңызды. Еліміз аман болсын», – деді Ғалия Мұқанғазина.
Жадыра Нариманова

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT