АЛЫПСАТАРЛАР АБАЙ БОЛҒАНЫ ЖӨН

БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ 4 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ЕЛІМІЗДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТІЗБЕСІ ЕНГІЗІЛДІ. БҰҒАН ДЕЙІН БҰЛ ТІЗІМДЕ 19 ТАУАР БОЛСА, ҚАЗІР ОЛАРДЫҢ САНЫ 31-ГЕ ЖЕТТІ. КЕҢЕЙТІЛГЕН ТІЗІМГЕ ҚИЯР, ҚЫЗАНАҚ, АЛМА, ШАЙ, ҚАЙМАҚ, БАЛЫҚ, СИЫР, ТАУЫҚ, ЖЫЛҚЫ ЕТІ ЖӘНЕ ҚАТТЫ ІРІМШІК ҚОСЫЛДЫ.

Осы ретте ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда орындарын аралап, баға жайын тексеріп, сатушылар мен түсінік жұмыстарын жүргізуді тапсырды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 204-4-бабына сәйкес сауда объектілеріне сауда мөлшерін асырғаны үшін ескерту жасалады. Ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайта жасалғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Бағаның негізсіз қымбаттауына жол бермеу үшін аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нысандарына бақылау жүргізілді. Топ құрамында аудандық кәсіпкерлік, туризм және бөлімінің маманы Ингал Шайдуллина мен аудандық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры  Ерлан Есмұхашев кәсіпкерлерге заңдылықты түсіндірді. Бақылау тобы «Қалқамен-Дәулет», Шығыс мар кет, Іңкәр Маркет, «Сүндет», «Ма дина» және «Талап» сауда үйі мен «Светофор» дүкендеріне барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының саны 19-дан 31-ге артқанын және шекті бағадан асыр май сату керектігін айтты.

– Өздеріңізге белгілі, жыл басы нан бері мониторингтік топ жұмыс жасап, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына халық көп тұтынатын алма, қияр, қызанақ, орамжапырақ өнімдері қосылып отыр. 31 тауардың шекті бағасы облыс әкімінің қаулысымен бекітіледі. Алдағы күндері қаулы жарияланса, сіздерге жадынама тарататын боламыз. Өткен жылы кәсіпкерлер тарапынан негізсіз баға өсіру дерегі тіркелген жоқ, – деді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Ингал Шайдуллина.

 Кәсіпкерлік нысан иелерінің бірі тауарды Атырау, Орал қаласындағы көтерме сауда орындарынан алаты нын және биыл бірқатар өнімдер қымбаттағанын айтса, бірі тұрақты тұтынушыларын қанағаттандыру мақсатында бастапқы бағаға пайызын көп қоспай сату арқылы тұрақты бағаны ұстап отырғандарын жеткізді.

Дүкен сөрелерінен байқағанымыздай, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жататын бірінші сортты бидай ұнының бағасы – 260 теңге, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны – 150-180 теңге, рожки - 425 теңге, қарақұмық жармасы – 450 теңге, тазартылған күріш – 600 теңге, картоп – 260 теңге, сәбіз – 260 теңге, пияз – 200 теңге, қант – 450 теңге, күнбағыс майы – 850 теңге, сиыр еті – 3200 теңге, тауық еті – 1 600 теңге, пастерленген сүт, майлылығы 2,5 пайыз – 370 теңге, майлылығы 2,5 пайыз айран – 650 теңге, сары май – 1300 теңге, тауық жұмыртқасы – 55-58 теңге, алма – 700 теңге, қияр – 1000 теңге, қызанақ – 850 теңге, орамжапырақ 250-300 теңге шамасын құрайды.

Аталған жұмыстар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұруға және тұрғындардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Ж.Нариманқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026