“АЛТЫН ҒАСЫР” ХОР ҰЖЫМЫ РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Бүгін Таланттарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастыруымен Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері білім алушылары – жас музыканттардың республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Үш жылда бір рет ұйымдастырылатын байқау биыл фортепиано және «Хор» ұжымдары арасында өткізілді.
Фортепиано аталымы бойынша (үлкен топ) 3 қатысушы, ал «Хор» ұжымдары аталымы бойынша 8 ұжым өнер көрсетті.
 Нәтижесінде:
 Фортепиано аталымы (үлкен топ)
3 орын – Махмет Мая
 Жетекшісі: Жұмабергенова Аружан Есмұханқызы
 «Хор» ұжымы аталымы
1 орын – Индер балалар өнер мектебінің «Алтын ғасыр» балалар хоры үздік деп танылды.
 Жетекшісі: Ергенова Динара Мирамқызы
«Алтын ғасыр» балалар хоры республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 
Шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және жаңа белестер тілейміз!
 
Дендер Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT