«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Иә, балалық шақтан кейінгі ерекше естен кетпейін сәт әріп танытар әліппеден басталып үлкен өмірге қанат қақтырар шәкірттік кезең кім-кім үшінде ұмытылмас уақыт. Ата-ана берген тәлім тәрбие мен қатар мектеп берген ілім-білімді санаға сіңіру жолында жеткен жетістікті айғақтай түсер «Алтын белгі» белгісіне ие болған оқушының қуанышының орыны ерекше екені айтпасада түсінікті.

 

Сонау Көкмешітте мектеп ашып бала оқытқан  Әйіпқажы бабамыз бастап, Қабижан Абақанов, Мұқанғазы Сиранов сынды айтулы тұлғалар қостаған білімдар тұлғалардың бүгінгі ізбасарлары мен ата-аналарын  аудан әкімі Серік Нсанбаев арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

-Құрметті түлектер бүгін Сіздер үшін айтулы күн. Өйткені 11 жыл бойы білім нәрімен суысындап ұстаз еңбегі мен қатар өздеріңіздің білімділіктеріңізді дәлелдеп «Алтын белгі» иесі атанып отырсыздар. Сөз жоқ бұл сіздер ғана емес ата тарихы әріден басталатын, байлығы дастан болып өрілетін ауданның білім беру саласының айтулы жетістігі деп білемін. Сол үшінде Сіздерге Алғыс айта отырып алдағы өмірлеріңізге сәт-сапар тілеймін. Жолдарыңыз жарқын,  қадамдарыңыз әркез құтты болғай,-деп Алғыс хат табыс етті.

Аудан басшысының арнайы қабылдауына келген «Алтын белгі» иегерлерінің қатарында М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, Махамбет, М.Сиранов, «Көктем» қазақ орта мектептерініңі намысын биіктеткен Еркем Молдабай, Райымбек Сайлау, Асылжан Каукенов, Айзат Кеңес, Іңкәр Оспан Айша Ален, Аяулым Маратова, Гүлназ Ұлдахан, Мейрамхан Амантай, Альмира Қуанова есімді түлектер бар.

Қабылдауда аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева, ата аналар атынан Әділет Берғалиев, М.Әуезов атындағы орта мектептің «Алтын белгі» иегері Іңкәр Оспан сөйлеп жылы жүзді қабылдауы үшін аудан басшысына алғыс айтып егемен елдің ертеңі жарқын болуына өз тілектерін арнады.

Қабылдаудан соң түлектерге арнайы чемодан табыс етілді, өйткені олар көп кешікпей еліміздің әр аймағында орналасқан жоғары оқу орындарына сапарға аттанбақшы. Сәт сапар болғай!

Сұңқар ЕРСАЙЫНҰЛЫ,

суреттерді түсіреген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT