Индер ауданы көлемінде 2026 жылдың 19-21 ақпан күндері аралығында «Алкогольсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаттары: Қауіпсіздік - мас күйіндегі азаматтар тарапынан болатын бұзақылықтың, төбелес пен қылмыстың алдын алу.
Салауатты өмір салты жасөспірімдерге дұрыс үлгі көрсету, дені сау орта қалыптастыру.
Тыныштық пен тәртіп түнгі уақытта шудың алдын алып, тұрғындардың жайлы демалысына жағдай жасау.
Тазалық - аула аумағында ішімдік бөтелкелері мен тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болдырмау.
Құрметті тұрғындар❗
Қоғамдық тәртіпті сақтауға және өз ауламызды қауіпсіз әрі таза ұстауға бірге атсалысайық.



