Алғашқы келген дауыс берушіге сыйлық табыстау сәті

Ауылшаруашылық колледжіндегі  №113 референдум учаскесінің ашылу салтанаты өткеннен кейін индерліктер өз таңдауын жасай бастады. 
Индербор кенті Махамбет көшесіндегі көп пәтерлі үйдің тұрғыны Айнаш Қабижанқызы еңалғаш болып дауысын берді. Ол Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте ұзақ жылдан бері кітапханашы болып қызмет атқарып келеді екен. 
— Еліміздің жарқын болашағы үшін өзімнің таңдауымды жасадым. Еліміз аман,  жұртымыз тыныш болсын,  —дейді ол. 
Алғашқы дауыс берушіге референдум учаскесінің төрағасы Гүлфара Әбенова арнайы сыйлық табыс етті. 

С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT