«Алғашқы дауыс» — жеке мереке мен азаматтық таңдау

Сайлау күні 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған жастар үшін бұл күн қос қуанышқа айналды.

№116 сайлау учаскесінде Әсем Асқарқызыөз таңдауын жасаса,  №114 сайлау учаскесінде жергілікті тұрғын Маханов Жәнібек Русланович да дәл туған күнінде алғашқы азаматтық жауапкершілігін жүзеге асырды. Туған күн иелері ел болашағы үшін дауыс беріп, белсенділік танытты

Маханов Жәнібек: «Бүгін мен үшін өте ерекше күн. Туған күнімде ел болашағы үшін алғаш рет өз дауысымды беру — үлкен жауапкершілік. Біздің таңдауымыз — ертеңгі жарқын болашағымыздың негізі», — деп ағынан жарылды.

Әсем Асқарқызы: «18 жасқа толған күні алғаш рет сайлауға қатысу — тарихи әрі есте қаларлық сәт. Жастардың белсенділігі мен әрбір берілген дауыс еліміздің өркендеуіне қосылған нақты үлес деп білемін», — деп өз әсерін бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT