«Алғашқы дауыс» - Жеке мереке мен азаматтық таңдау

№116 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған Ержан Әсемай Асқарқызы өзінің алғашқы азаматтық таңдауын жасады. Ол үшін бұл күн қос қуанышқа айналды - Әсемай дәл туған күнінде алғаш рет дауыс беру құқығын пайдаланып отыр.

Өз құқығын алғаш рет жүзеге асырған жас сайлаушы ел болашағына деген жауапкершілікті терең сезінетінін білдірді. Аға буын өкілдері мен комиссия мүшелері маңызды сәтпен құттықтап, оның азаматтық белсенділігіне оң бағасын берді.

«Бүгін мен үшін өте ерекше күн. Туған күнімде ел болашағы үшін алғаш рет өз дауысымды беру - үлкен жауапкершілік. Әрбір жастың белсенділік танытып, мұндай маңызды сәттерден тыс қалмағаны маңызды. Біздің таңдауымыз - ертеңгі жарқын болашағымыздың негізі,» - деп Әсемай өзінің әсерімен бөлісті.

 

Ж.Нариманова

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT