АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРУ — АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

Бүгін сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беріп отырған жас азаматтар үшін ерекше күн. 🇰🇿

Алғаш рет өз таңдауын жасау – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін сезінетін маңызды сәт. Жастардың сайлау процесіне белсенді қатысуы – олардың қоғамдық өмірге араласуының және азаматтық ұстанымының айқын көрінісі.

 Алғаш дауыс берушілерге сайлау учаскесінде жылы лебіз білдіріліп, естелік сыйлықтар табысталды.

«Мен үшін бүгінгі күн ерекше. Алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – азамат ретінде мен үшін үлкен жауапкершілік», – дейді алғаш рет дауыс берген жас сайлаушы.

 Әр дауыс – маңызды.
 Әр таңдау – болашаққа бағыт.

#АлғашДауысБеруші #МеніңДауысым #МеніңТаңдауым #Сайлау2026 #Выборы2026 #Жастар #АзаматтықЖауапкершілік #Қазақстан #Дауыс2026

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT