МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЦИФРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР АРҚЫЛЫ ШЕШУ» АТТЫ ЖОЛДАУЫНДА ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІНЕ ЕРЕКШЕ НА ЗАР АУДАРДЫ. ОСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ МЕДИ ЦИНА САЛАСЫНДА ДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР АЗ ЕМЕС. СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ АУРУХАНАНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙЫП, ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР АЛЫНЫП, ТҰРҒЫНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТА ТҮСТІ. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ АНАР ХАМИДОЛЛАҚЫЗЫ ДОСПАЕВАМЕН КЕЗДЕСІП, АУДАН МЕДИЦИНАСЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ, ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН ЖЕТІСТІКТЕР, КАДР МӘСЕЛЕСІ, ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ ЖӨНІНДЕ ӘҢГІМЕЛЕСКЕН ЕДІК.
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ – САПАЛЫ МЕДИЦИНАНЫҢ КЕПІЛІ
Аудандық ауруханада компьютерлік томография қондырғысының іске қосылуы аудан медицинасы үшін маңызды жаңалықтардың біріне айналды.
– Бұрын миға қан құйылу және басқа да күрделі жағдайлар тіркелген кезде науқастарды облыс орталығына жіберуге тура келетін. Қазір компьютерлік томографияның көмегімен ауыр науқастардың диагнозы қысқа мерзімде нақтыланып, қажетті ем-шараларды дер кезінде жүргізуге мүмкіндік бар. Заманауи құрылғының тиімділігі күні кеше болған күрделі жағдай кезінде де айқын көрінді. Аяқ тамырының тромбозына байланысты ем қабылдап жүрген науқастың қан тамыры жарылып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Компьютерлік томография арқылы қан кеткен аймақ жедел анықталып, санитарлық авиациямен келген облыстық мамандар шұғыл ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды. Бұған дейін аудан көлемінде мұндай күрделі операция жасалмаған болатын, – деді бас дәрігер Анар Хамидоллақызы.
Медициналық инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ.
Аудандық медицина саласында соңғы жылдары оң өзгерістер көп болғанымен, кадр мәселесі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Қазіргі таңда ауданға эндокринолог, акушер-гинеколог, ультрадыбыстық зерттеу маманы, радиолог, офтальмолог, оториноларинголог, ревматолог, психиатрнарколог, дерматолог және травматолог секілді бейінді дәрігерлер қажет. Ауруханадағы тағы бір маңызды жаңалық – лапароскопиялық аппараттың қолданысқа берілуі. Облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен алынған жаңа қондырғы аудан тұрғындарына бұрын тек облыс орталығында көрсетілетін медициналық көмекті жергілікті жерде алуға мүмкіндік берді. Аппаратпен жұмыс істеу үшін тәжірибелі хирург Нұрлан Тәукебаев ауданға шақырылып, оған қажетті әлеуметтік қолдау көрсетілді, қызметтік пәтер берілді. Маман тапшылығын азайту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Биыл офтальмолог маманның оқуын аяқтап, ауданға келуі күтілуде. Сонымен қатар облыс әкімінің қолдауымен ауданнан шыққан екі жас маман медицина саласы бойынша арнайы оқытылып жатыр. Олар келесі жылы оқуын аяқтап, туған жерге оралмақ. Олардың бірі – дерматолог, екіншісі – эндокринолог, – дейді бас дәрігер. Тойған Төлегенова, Салтанат Маңғытова сынды зертхана мамандары мен Назгүл Абзалова, Раушан Бердіғалиева, рентген және компьютерлік томографияда Нұрбек Ерғалиев сынды қызметкерлердің де еңбегі зор. Өйткені нақты диагноздың қойылуы олардың кәсіби жұмысына тікелей байланысты. Сондай-ақ мектеп медбикелері де күн сайын жүздеген оқушының денсаулығын бақылап, профилактикалық жұмыстар жүргізеді. қиындықтар кездесіп жатады екен. Ауданда қазіргі таңда қант диабетімен ауыратын 408 тұрғын есепте тұрған көрінеді. Оларға қажетті инсулин және басқа да дәрілер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы талаптарына сәйкес беріледі. Алайда кей кездері дәрілік заттардың кешігіп келуі немесе қажетті көлемде жеткізілмеуі байқалады. Бас дәрігер тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға да шақырады. Өйткені сақтандырылған азаматтар жоспарлы медициналық көмекті толық көлемде ала алады. Ал сақтандырылмаған тұрғындарға тек шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Кей жағдайларда күрделі диагноз қойылған науқастарға облыстық немесе республикалық деңгейдегі клиникаларда ем қабылдау қажет болады. Мұндай кезде медициналық сақтандыру жүйесінің барысында тұрғындар мен қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтып, алаңдаушылықтарын білдірді. Дегенмен кей жағдайда қоғамдық тыңдаулардың басты мақсаты тұрғындардың пікірін ескеруден гөрі, рәсімдік талаптарды орындаумен шектеліп қалатындай әсер қалдырады. Медицина саласында қандай да бір қызметті бастау үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды міндетті түрде мұқият қаралады. Сол сияқты қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін өндірістік жобалар бойынша да қоғамдық тыңдаулардың қорытындылары мен халықтың пікірі шешім қабылдау барысында жан-жақты ескерілуі қажет. Тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулері тек хаттамада қалып қоймай, лицензиялар мен рұқсат құжаттарын беру кезінде нақты назарға алынуы тиіс. Бұл қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттырып, тұрғындардың мемлекеттік шешімдерге деген сенімін күшейтеді, – деді Анар Хамидоллақызы.
Кардиолог Майра Бажанова маңызы арта түседі. Нәтижесінде бұрын өт тасына, асқазан мен ішек ауруларына байланысты облысқа жолданатын науқастарға аудандық ауруханада ота жасау мүмкіндігі туды. Лапароскопиялық әдістің ерекшелігі – үлкен тілік жасалмай, бірнеше шағын тесік арқылы операция жүргізілуінде. Бұл науқастың тез сауығуына, операциядан кейінгі асқынулардың азаюына және емдеу мерзімінің қысқаруына ықпал ететін көрінеді. Ал бұған дейін науқастар портал күтіп, облыс пен екі ортаға жүруіне тура келетін. Зертханалық қызметтің мүмкіндігі де кеңейді. Бүгінде аудандық ауруханада қанның жалпы талдауымен қатар ағзадағы калий, кальций, магний секілді маңызды көрсеткіштерді анықтау, гемоглобин деңгейін тексеру және басқа да биохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Бұрын мұндай қызметтер үшін тұрғындар жеке зертханаларға жүгінуге мәжбүр болса, қазір көптеген талдау аудан деңгейінде жасалады. Қазір ауылдық елді мекендер де зертханалармен қамтылып отыр. Медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында цифрлық флюорографиялық қондырғы мен жылжымалы медициналық кешеннің де пайдасы зор болып отыр. Икарус автобусының базасында жасақталған бұл кешен соңғы алты жыл бойы ауылдық округтерді аралап, тұрғындарға қажетті медициналық қызмет көрсетуде. Әсіресе туберкулездің алдын алу жұмыстарында жылжымалы кешеннің маңызы ерекше. Бұрын шалғай ауыл тұрғындарын флюорографиялық тексеруден өткізу үшін аудан орталығына тасымалдауға тура келсе, бүгінде қажетті қызметтер тұрғындардың өз елді мекендерінде көрсетілуде. Кешен құрамында флюорографиялық рентген аппараты, ультрадыбыстық зерттеу құрылғысы, электрокардиограф және жылжымалы дәріхана жұмыс істейді. Бұл ауыл тұрғындарына кешенді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.



