Ақсақалдың азаматтық ұстанымы

Референдум күні дауыс беру учаскесіне келгендердің қатарында жасы үлкен қариялар да болды.

Солардың бірі – Индербор кенті тұрғыны Әділхан Жұмашев қолындағы бала-келіні Айбол мен Әселмен бірге келіп өз таңдауын жасады. Жасы ұлғайып, көру қабілеті нашарлағанына қарамастан, ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқаннан тыс қалмауды жөн көрген екен. 
— Кезінде Индер борат кенішінің шахтасында ұзақ жылдар қажырлы еңбек еттім. Содан 50 жасымда жеңілдікпен зейнеткерлік демалысқа шыққанмын. Қазір 4 ұлымнан тараған немере,  шөберелердің қызығын көріп отырған бақытты атамын. Жасым тоқсанға таяса да елдің азаматы ретінде дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, азаматтық борышымды орындауды парыз санадым, —дейді ақсақал.
С. Сансызбайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT