2026 жылғы 15 наурыз күні сағат 07:00-де Елтай ауылына қарасты Аққала ауылдық округінде орналасқан №126 референдум учаскесінде Әнұран шырқалып, өз жұмысын бастады.
Алғашқылардың бірі болып ауыл тұрғыны Серікбай Тілегенов өз таңдауын жасап, сыйлыққа ие болды.
Учаскелік комиссия төрағасының айтуынша, қазіргі таңда округте 1 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Референдумға қатысу үшін 570 адам тіркелген.
Дауыс беру процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қажетті материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Дауыс беру үдерісінің үздіксіз өтуіне барлық жағдай жасалған.

