Индербордағы ауылшаруашылық колледжінде орналасқан ✓113 сайлау учаскесінде көпшілік саяси науқанға біркісідей жұмылып, өз таңдауларын жасауда.
Дауыс берушілердің арасында біз ағайынды Какишев Тұрлан мен Айболды кезіктірдік.
Тұрлан М.Әуезов атындағы орта мектепте спорт нұсқаушысы болса, Айбол Индер өндірістік желілік басқармасында инженер болып қызмет атқарады.
– Біз референдумға жауапкершілікпен қараймыз. Әрбір адам өз таңдауын жасап, ел болашағына үлес қосуы тиіс деп ойлаймыз.
Біз апамызды қосқанда 5 ағайындымыз. Аға, апамыз Атырауда, інілеріміз Ақтауда тұрады. Ауылда екеуміз болғандықтан бүгінгі референдумға арнайы келіп, дауысымызды беруді ұйғардық, —дейді ағайындылар.
С. Сансызбайұлы.
Ағайынды жігіттер дауыс берді
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 65

