Аға буын аманаты — ел ертеңінің негізі

Индер аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құнасов Бағытжан Ниетқалиұлы №113 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Көп жылғы мемлекеттік қызмет пен қоғамдық жұмыста мол тәжірибе жинақтаған ел ағасы дауыс беру барысында азаматтық белсенділік танытты. Ауданның әлеуметтік-мәдени дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген ардагерлер ұйымының жетекшісі ретінде ол әрбір азаматтың шешімі елдегі оң өзгерістердің бастауы екенін жеткізді:

«Ауданның өркендеуі мен халықтың ынтымағы — аға буынның әрдайым басты назарында. Біздің бүгінгі қадамымыз мен берген дауысымыз — кейінгі ұрпаққа көрсеткен өнегеміз әрі ауданымыздың тұрақты дамуына қосқан үлесіміз,» — деді Бағытжан Ниетқалиұлы.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT