АҒА БУЫН АЛҒЫ ШЕПТЕ

Индер аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті  2021-2025 жылдар аралығында атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған ХІҮ есеп беру-сайлау конфренциясы өткізілді.Конференцияда аудандық кеңес төрағасы Бағытжан Құнас баяндама жасады.

-Ауданда жылма жыл зейнеткерлер қатары өсуде. 2025 жылдың соңына 4342 зейнеткер болса, осы сәтке 4399 ға жетті. Оның арасында 100 жастан асқан 1 адам-Құрмашева Сәбила мен 100-ге толатын Моншақ Мұқанова анамыз бастаған үлкендердің қатары 300 адамға жуықтайды.

Өткен жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы аудан бойынша іс-шаралар жоспарлы жүрді. "Ауданда "Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші" атты мекеме, мектеп ұжымдарының өнер фестивалі, көрмелер, ерлік сабақтары мен сағаттары, жарыстар ұйымдастырылып, сәтті қорытындыланды.

Есептік мерзім ішінде облыстағы бата берушілер, домбырашылар, термешілер, әншілер, ансамбльдер, қолөнершілер, шежірешілер, тағыда басқа сайыстарға қатынасқан Аәжелер мен аталар ансамбльдері, жеке зейнеткерлер Бауыржан Әшімов, Сәлімжан Сапағұл, Кенжеғұл Жалғасбай, Мәлік Құсайынов, Наурызбай Әлмұқатов, Сағида Машанова, Бағыт Жайымова, Бағыт Ғабддуллина, Зәуреш Аронова, Зоя Уәлиева, Тәбия Ізғалиева, тағы басқаларының аудан намысын қорғаудағы белсенділіктерін ерекше атап алғыс айтуға тиіспіз.

Әр ауылдық округтерде "Ардагерлерді ардақтайық" атты бильбордтар, 2025 жылы Өрлік, Көктоғай ауылдық округтерінде Еңбек Ерлері мен майталман тұлғаларды ұлықтап, суреттері демалыс алаңдары мен көшелерге, кірес берістерге ілініп қойылуы да соңғы кездегі жаңалықтардың бірі болды.

            Аудандық әкімдікке демеушілер арқылы 2025, 2026 жылдары баспасөзге жаздыру үшін 90-100-деген жалғызілікті ардагердің тізімі жасақталып, ұсынылып, олар жазылып келеді. Бұл іске аудандық "Дендер" газетінің ұжымы да жылма жыл үн қосып, 100 оқырманды демеушілер арқылы жаздыруы да біткен оң іс болып есте қалды,-деді өз хабарламасында аудандық кеңес төрағасы Бағытжан Ниетқалиұлы.

            Аудандық, қалалық және бастауыш ардагерлер ұйымдары жанындағы «Әжелер алқасы» құрылып жұмыстарын белсене жүргізе бастағанын да айта кеткіміз келеді. Алқа төрағалығына "Индер ауданның Құрметті азаматы", білікті ұстаз Бақыт Рахымжанқызы Қарекешова бекітілген. Аталмыш алқа  мүшелері бірнеше топтарға бөлініп кенттегі Ш.Уәлиханов, С. Сейфуллин, "Көктем" және коллдежде, бірнеше балабақша болып, кездесулер ұйымдастырыпты. Аудандық кеңес төрағасы бұдан басқа да жұмыстарға тоқталып өтті.

            Конференция жұмысына арнайы қатынасқан Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов сөз сөйлеп мемлекет басшысының арнайы қатынасумыен Сыр өңірінде өткен V ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген мәселелердің мүмлекет мүддесі үшін маңызы жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар облыстық кеңестің  арнайы төс белгісін,Алғыс хаты мен Құрмет Грамотасын бір топ белсенді ардагерлерге табыс етті.

Аудан әкімінің орынбасары Айболат Сансызбаев, салалық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен  мүшелері Серікқали Жұқиев, Бақыт Қаракешова, Ләйләгүл Ғабдуллина, Бөдене ауылдық округінің әкімі Шырай Мерғалиева сөйлеп қоғамдық ұйым жұмысын жандандыру бағытында бірлескен жұмыстың оң нәтиже беретініне тоқталды.

Конференцияда ауданық кеңес төрағасы болып Бағытжан Құнас қайта сайланса, науырыз айының алғашқы күндері өткізлетін облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясына делегаттар ұсынылды.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026