Ұзақ жылдары сот саласында қызмет атқарып Индер аудандық сотын төрағасы болып жемісті еңбек еткен бұл күнде кәсіби адвокат Әділ Құспановта көпшілікпен бірге №111 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.
-Жалпы еліміздің заң шығарушы органын жаңаша бағытта дамытуға арналған реформа аясында қолға алынып отырған Құрылтай сайлуының маңызы зор деп білемін. Өйткені елдің өсіп өркендеуі, азаматтардың құқықтарының берік сақталуы ең алдымен сапалы заңмен өлшенері хақ.
Өткен шілде айынан бастап қолданысқа енгізілген конституцияда айқында анық көрсетілген. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауларын лайықты жасай біледі деп санаймыз,-деді өзі сөзінде Әділ Ишахатұлы.
С.КӨШЕКОВ


