АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫАДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ

ЕЛІМІЗДЕ 2020 ЖЫЛДАН БЕРІ 10 ТАМЫЗДА АБАЙ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ. КЕМЕҢГЕР ҚАЛАМГЕРДІҢ АТАУЛЫ КҮНІ АУДАНДА ДА ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ РУХАНИ-КӨПШІЛІК ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ. 

Мәселен биыл аудандық кітапханада «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» тақырыбында әдеби quiz, балалар кітапханасында “Абай – мәңгілік поэзия” тақырыбында жыр кеші, Бөдене кітапханасында “Ғылым таппай мақтанба” атты интеллектуалды ойын, Құрылыс кітапханасында “Ұлы Абай – мәңгілік мұра” атты марафон, Елтай кітапханасында “Абай – адамзаттың ақылманы” тақырыбында ақынның қара сөздерін жатқа айту сайысы, Аққала кітапханасында “Абай – ұлттың ұлы ұстазы” тақырыбында Абай оқулары, “Хакім Абай – дана ойдың дарасы” атты библио-пост, Есбол кітапханасында “Абай сөзі – жүрек төрінде” атты biblio party, Ынтымақ кітапханасында “Қазақтың кемеңгері” атты поэтикалық марафон, Өрлік кітапханасында “Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе” тақырыбында түнгі кітапхана, Көктоғай кітапханасында “Қазақтың ұлы ақыны – Абай” атты әдеби лото ұйымдастырылады.

– 10 тамыз – Абай күніне орай аудандық және ауылдық кітапханаларда мазмұнды іс-шаралар басталып кетті. Негізгі мақсат – ұлы Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және «Оқитын ұлт» тұжырымдамасын қолдау. Осы бағытта кітапханаларда Абай шығармаларын оқу акциялары, кітап көрмелері,танымдық ойындар мен жастарға арналған зияткерлік шаралар өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар кітапханалардың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында #10ТамызАбайКүні т.б хэштегтерімен арнайы айдарлар ұйымдастырылып, оқырмандар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыған бейнероликтерін жариялауда. Бұл бастамалар ұлы ойшылдың мұрасын кеңінен дәріптеп қана қоймай, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, рухани құндылықтарды насихаттауға және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, - дейді аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ақсана Азаматқызы.

Жадыра НАРИМАНОВА

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT