«Әділетті Қазақстан: қоғам не күтеді?»

Бүгін Коалиция мүшелері Ақжібек Сабырғалиева, Бақберген Сакипов және Нұрбол Ергалиев Индер ауданындағы «Индер Мәдениет» КМКМ ұжымымен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының басым бағыттарын кеңінен таныстырды. Ашық форматта өткен басқосу барысында қатысушылар ұсынылған өзгерістердің мазмұны мен маңызына егжей-тегжейлі тоқталды.


Кездесу барысында жаңартылған Негізгі заңның елдің тұрақты дамуына жол ашып, заң үстемдігін нығайтуға және құқықтық мәдениетті көтеруге ықпал ететіні айтылды. Мекеме қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарын жолдап, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Ұжым өкілдері Жаңа Конституция бастамасын қолдайтындарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026