Индер ауданы бойынша 112 референдум учаскесінде дауыс беру талапқа сай басталды. Алдымен мемлекеттік әнұран орындалып, комиссия төрағасы Г.Жаңбырбаева референдум бастауымен құттықтап, оның мақсатын, дауыс беру ережесін түсіндірді.
Алғаш болып Индер ауданының құрметті азаматы Жолдасқали Өмірбаев ағамыз Шолпан апай екеуі келіп, үлгі көрсетіп, өз таңдауларын жасады.
-Мен әуелгі әдетім бойынша алғаш келіп таңдау жасаймын. Бұл еліміздің болашағы үшін маңызды. Оған бей-жай қарауға болмайды, дейді ағамыз.
Жалпы мұнда 1333 дауыс беруші бар. Оның 7-уі ең алғашқы дауыс беруші, 89 жастағы қарт сайлаушы бар. Үй-жайдан дауыс берушілердің өтінішімен оларға арнайы барады.


