1109 САЙЛАУШЫ ДАУЫС БЕРДІ

Индер ауданы орталығындағы №111 сайлау учаскесінде сайлау әнұран орындалуымен ашылды. Алғашқы болып дауыс берген Индербор кентінің байырғы Сергей Пупикин болды.
—Мен мұндай саяси шарадан қалып көрген емеспін. Өзім қарапайым жұмысшымын. Сайлаудың өту барысына көңілім толады. Учаске мүшелерінің әрбір сайлаушымен жылы шырайда амандасып, дауыс беру тәртібін түсіндірді. Әрі мемлекеттік әнұранды бірге шырқап, алғашқы дауыс беруші ретінде бағалы сыйлыққа ие болдым. Өз таңдауымды жасадым. Еліміз аман, заманымыз тыныш, бейбіт өмір кеше берейік —дейді тұрғын. 
Сонымен қатар 16 мүмкіндігі шектеулі азамат бар.  Олардың бірқатары өздері аяқтай келіп дауыс берсе  кент тұрғындары, зейнеткерлер Райса Жұмағазиева мен Сая Дәулетовға өздерінің өтініштері бойынша жылжымалы жәшіктер апарылды. 
Еліміз үшін маңызы жоғары саяси шараны халықаралық OSCE  ұйымының байқаушылары Sachuk Pmitrll мен DopHeipe Gerda  ELisabeth сайлаудың өту барысын қадағалады.
Сайлау уақыты аяқталуға он миунт қалғанда жас отбасы Бекболат Ишахат пен Айкөркем Төлеш екеуі кішкентай бұлдіршіндерін ертіп келіп дауыс берді.
Сағат тулі тура 20:00 көрсеткен де аталған сайлау учаскесі жабылып дауыс беру қорытындысы есептелді. 
Сайлау учаскесінің төрағасы Руслан Ғазизовтың айтунша учаскеде 1446 сайлаушы тіркелсе,  1109 сайлаушы өз таңдауларын жасаған. Сондай-ақ23 жас алғаш рет дауыс беруге қатынасқан. 
Сұңқар КӨШЕКОВ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT