Жолдау міндеттері түрлі сала өкілдерімен талқыланды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіруге бағытталған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері екі маңызды алаңда – Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде және Абай орталығында  өтуінің маңызы зор.
Университет қабырғасында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер бас қосып, білім мен ғылымды дамыту, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру, еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделу мәселелерін талқыласа, Абай орталығында мәдениет және спорт саласының өкілдерімен кездесіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саясатты жетілдіру және тұрақты экономикалық өсім мәселелері сөз болған.
Мұндай ашық пікір алмасу форматында өткен жиындар қоғамның түрлі салалары өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салуына мүмкіндік береді.
Осындай кездесулердің маңызы зор. Себебі ел дамуына қатысты маңызды бастамаларды халыққа түсіндірумен қатар, әр саланың өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, өзекті мәселелерді бірге талқылау қажет.

Тілектес Қибатолла

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT