Президенттің Жолдау–2025 бағдарламасында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға басымдық берілуі – уақыт талабына сай маңызды шешім. Жасанды интеллект білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару және экономика салаларында тиімділікті арттырып, адам еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт кадр даярлауды күшейтіп, инновациялық ойлауды қалыптастыру арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен және жүйелі енгізу – Қазақстанның тұрақты дамуына жол ашады.
ауыл тұрғыны
А.Кемалов



