Президенттің Жолдау–2025 бағдарламасында денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуі – сала мамандары үшін маңызды әрі өзекті. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту және кадр әлеуетін дамыту халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар. Дәрігер ретінде бұл бастамалар профилактикалық медицинаны дамытуға, аурудың алдын алуға және азаматтардың денсаулығын сақтауға зор мүмкіндік береді. Халық денсаулығын нығайту – елдің тұрақты дамуының басты кепілі.
Кабиева Анар
дәрігер



