Индер ауданы аумағында “Жолда қабылдау” Республикалық акциясы өткізілді.
Акцияға Индер ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы қатысты.
Азаматтар өздерінің толғандырған сұрақтарына жауап алды. Оның ішінде әкімшілік айыппұлдар, жүргізуші куәлігін алу, сақтандыру, техникалық байқау және жолдағы кемшіліктер болды.
Акция барысында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол көлік оқиғасы мен құқық бұзушылықтардын алдын алу мақсатында түсіндерме жұмыстарын жүргізді.

