Индер ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жаңа дрон – қашықтықтан басқарылатын немесе алдын ала бағдарламаланған маршрут бойынша өздігінен ұшатын ұшақышсыз әуе аппаратымен және жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы бір қатар құқық бұзушылықтар анықталды.
Аталған құрылғылар аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қадағалауға, сондай-ақ жүргізушілер тарапынан жасалатын жол жүрісі қағидаларын бұзу деректерін анықтауға бағытталған.
Атап айтқанда:
- қоғамдық орындарда жасалатын ұсақ бұзақылықтарды анықтау және қылмыстардың алдын алу;
- көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану;
- қауіпсіздік белдігін тақпау;
- белгіленбеген жерде басып озу;
- жол жүрісі қағидаларының өзге де талаптарын бұзу фактілері анықталатын болады.
Индер ауданы полиция бөлімі қоғамдық тәртіпті сақтап, Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді!


