Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жол ережелерін қатаң сақтаған жағдайда ғана жол-көлік оқиғаларының алдын алуға болады.
Жүргізушілер белгіленген жылдамдықты асырмай, көлік құралын басқару кезінде телефон қолданбауы, қауіпсіздік белдігін тағуы және мас күйінде көлік жүргізбеуі қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолды арнайы белгіленген орындардан өтіп, жол қозғалысы талаптарын сақтауы тиіс.
Әсіресе балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керек. Оларға жолдан өту тәртібін түсіндіріп, үнемі бақылауда ұстау – ата-аналардың маңызды міндеті.
Жол ережесін сақтау – өз өміріңді және өзгенің өмірін құрметтеу. Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады!


