Жол қауіпсіздігі – өмір кепілі

Мектеп оқушыларына  жоспарға сәйкес «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысында жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, бағдаршам белгілерін сақтау, қоғамдық көліктегі тәртіп, велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жолдағы абайсыздықтың салдары туралы айтылып, оқушыларға арнайы бейнематериалдар мен көрнекіліктер көрсетілді.

Сабақ соңында оқушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау – өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігін қорғаудың маңызды кепілі екенін түсінді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT