Аудан көлемінде жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін арттыру, мас күйінде көлік басқарудың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.
Шара барысында жол жүрісі қағидаларын бұзу деректерінің алдын алу, автожолдардағы қауіпсіздік деңгейін көтеру, сондай-ақ көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың жолын кесу бағытында түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді.
Рейд кезінде жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Б. Қабиев,
аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының
қызмет аға инспекторы

