Құрметті жүргізушілер!
Жол апаттарының алдын алу — әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Осы ретте, көлік құралын техникалық тексерістен өткізіп тұрыңыз.
Кішкентай ақаудың өзі үлкен апатқа себеп болуы мүмкін.
Жүк көлігін жүргізген кезде жүктің дұрыс бекітілуін мұқият тексеріп, көлік салмағы мен ұзындығын ескеру қажет. Қашықтықты сақтап, қала ішінде де, тас жолда да жылдамдықты асырмаңыз. Жолақ ауыстырмас бұрын “соқыр аймақты” міндетті түрде тексеріңіз.
Автобус жүргізушілері жолаушылардың өмірі мен амандығына тікелей жауапты. Сондықтан, әр бұрылыс пен тежеу — жолаушы қауіпсіздігіне әсер етеді. Кенет тоқтау мен күрт бұрылудан аулақ болыңыз. Ауа райы қолайсыз кезде жылдамдықты азайтыңыз, жарық шамдарын қосыңыз. Жолда тоқтауға мәжбүр болсаңыз — апаттық жарық шамын жағып, ескерту белгісін қойыңыз. Алкогольден толық бас тартыңыз, телефонға алаңдамаңыз!
Жол — адам өмірінің кеңістігі.
Мұқияттылық пен тәртіп — қауіпсіздіктің кепілі!
Индер аудандық полиция бөлімі



