Жол ережесін сақта – қауіптен сақтан!

Жол қауіпсіздігі – әр адамның ортақ жауапкершілігі. Жаяу жүргіншілер жолды белгіленген жерден өтіп, бағдаршам талаптарын сақтауы қажет. Ал көлік жүргізушілері жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануы тиіс.

Жолда асығыстық пен немқұрайлылықтың соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір адам жол ережесін сақтап, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы керек.

Жолда сақ болыңыз! Қауіпсіздік – өз қолымызда.

 

Ақмарал Каукенова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT