Жол қауіпсіздігі – әрбір адамның өмірі үшін өте маңызды. Әр адам жолда жүру ережелерін сақтап, өз өміріне және өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауы керек. Жүргізушілер жылдамдықты асырмай, жаяу жүргіншілерге жол беруі қажет. Ал жаяу жүргіншілер бағдаршамға қарап, жолды арнайы өткелден өтуі тиіс.
Менің пікірімше, жол ережесін сақтау – қауіпсіз өмірдің кепілі. Өйткені бір сәттік немқұрайлылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан жолда әрдайым мұқият әрі сақ болайық!
Жадыра Нариманқызы



