Мен қарапайым тұрғын ретінде Жолдауда айтылған жол, жарық, су, газ жүйелерін жаңарту бастамаларын қолдаймын. Себебі ауыл мен қала халқы үшін ең маңыздысы – күнделікті тұрмысқа қажетті инфрақұрылымның сапасы. Жолдың жақсы болуы қатынасты жеңілдетсе, тұрақты жарық пен таза су – халықтың денсаулығы мен жайлы өмірінің кепілі.
Осындай жұмыстар жергілікті жерде көбірек жүзеге асса, елдің тұрмыс деңгейі артып, халықтың мемлекетке деген сенімі де нығаяды деп ойлаймын.
Ә. Есенгалиева
тұрғын



