Жұмысшы тобы жұмысын біледі

Есбол ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акци­ясы аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 6 жұмысшы тобы құрылып, өз қызметін атқаруда.

 

– Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 3 рет сенбілік ұйымдастырылып, ауылдардың айналасы, ауыл маңындағы зираттар, Жайық өзенінің жағалауы, сондай-ақ ауыл ішіндегі 3 жа­сыл желек аумағы мен 1 саябақта санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. 68 қураған ағаш кесілді. Сенбіліктерге барлығы 214 адам және 5 тех­ника бірлігі жұмылдырылып, 116 тонна қоқыс қалдығы шығарылды, – дейді округ әкімінің орынбасары Ерболат Саб иров.

Сонымен қатар көктемгі тазалық жұмыстары шеңберінде бөлінген қаржы есебінен Есбол және Ынтымақ ауылдарындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін полигондар ауыр техника­мен тазартылып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде екен. Көшелерде орналасқан 5 баннер жаңартылған. Акция аясындағы жұмыстар жоспар бойынша жалғаспақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT