Жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру

Президент Жолдауында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мәселесіне ерекше мән берілуі – уақыт талабынан туындаған өте өзекті қадам. Қазіргі таңда ел экономикасының тұрақты дамуы нақты өндірісте еңбек ететін білікті мамандарға тікелей байланысты.


Дәнекерлеуші, электрик, механизатор, құрылысшы сияқты кәсіп иелері – қоғамның тірегі. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, жас мамандарға жағдай жасау, еңбек адамының мәртебесін көтеру – стратегиялық маңызды міндет.
Жұмысшы мамандықтарға құрмет артқан сайын адал еңбекке деген көзқарас та өзгереді. Бұл өз кезегінде жастарды нақты кәсіпке баулып, елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін күшейтеді.

 

Г.Насиполла

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026