ЖИНАҚЫ ОРТА – ЖАЙЛЫ ӨМІРДІҢ НЕГІЗІ

Қоршаған ортаның тазалығы адамның күнделікті көңіл күйі мен өмір сүру жайлылығына тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Индер ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызы зор. Елді мекендердегі көшелерді тазалау, шөп шабу, қоқыстарды жинау және арнайы орындарға шығару бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып келеді.

 

Таза әрі жинақы аумақ тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырады. Ауланың, көшенің немесе қоғамдық орынның реттелуі сыртқы көріністі ғана жақсартып қоймай, адамдардың сол ортаға деген көзқарасына да ықпал етеді. Ұқыпты жерде тазалықты сақтауға деген жауапкершілік те арта түседі.

 

Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға мекеме қызметкерлерімен қатар тұрғындардың да белсенді араласуы маңызды. Әр аумақтың тазалығы мен тәртібіне ортақ жауапкершілікпен қарасақ, жасалған еңбектің нәтижесі де ұзақ сақталады.

 

Жинақы орта – бір күнде қалыптасатын дүние емес. Ол жүйелі жұмысты, ұқыптылықты және тұрақты бақылауды қажет етеді. Сондықтан ауданымызда қолға алынған тазалық және абаттандыру жұмыстарын қолдап, олардың нәтижесін сақтауға баршамыз үлес қосуымыз қажет.

 

Маргарита Аманжолқызы

Ұстаз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT