Қазақстанда 1998 жылдың шілде айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заң қабылданды.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары айқындалып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың түрлері, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайлары белгіленді. Одан бөлек 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Аталған маңызды құжаттардың қай-қайсысы болмасын қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесуге бағытталған. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығы қабылданды. 2015 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі күшіне енген болатын. Жаңа кодекс бойынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған лауазымды тұлғаның мемлекеттік қызметке орналасу құқығына өмір бойына тыйым салынады.
Гүлбану Насиполла



