ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІНЕ АЙНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ КӨБІНЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ, САУДА, ОҚУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
Пайдаланушылардың жеке мәліметтері интернетте жиі қолданылады, сондықтан да оларды алаяқтардың нысанасына айналдырады. Айта кетелік, алаяқтар жаңа зиянды бағдарламалар мен құралдарды үнемі жасап, жетілдіріп отырады. Бұл – олардың әрекеттерін тиімдірек етудің бір жолы. Пайдаланушыларды алдап, жеке мәліметтерін алу үшін жалған электрондық хаттар, хабарламалар немесе телефон қоңырауларын пайдаланады. Бүгінде өзекті болып отырған интернет алаяқтықтың салдарынан адамдар мен компаниялар үлкен қаржылық шығынға ұшырағаны белгілі. Астана қаласы Заң консультанттары Палатасының заң консультанты ретінде Индер ауданы бойынша, басқа да облыстардан күніне біршама азаматтан шағым келіп түседі. Әрі оның өткен жылға қарағанда өсіп келе жатқанын байқадым. Мәселен, 2024 жылы – 20, 2025 жылы – 32, биылғы жылдың екі айында 5 адам маған осы мәселеге қатысты жүгінді. Мамандардың айтуынша, интернет алаяқтықтың алдын алу үшін оқу орындарында киберқауіпсіздік бойынша арнайы сабақтар енгізу керек. Бұл жасөспірімдер мен жастардың интернетте қауіпсіз жүріс тұрысын қалыптастыруға көмектеседі. Әдетте қарапайым болып көрінетін және ең маңызды бірінші қағида – қандай уәде берсе де, жеке деректеріңіз бен ақшаңызды бөгде адамдарға бермеңіз. Әдетте балаларға дауыс беру, ұтыстар ойнату, викториналар және т.б. күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Ол жерге ешқашан жеке деректеріңізді енгізбеңіз. Өзіңіздің WhatsApp-аккаунтыңызға байланыстырылған құрылғыны тексеруді әдетке айналдырыңыз. Бір мысал айта кетейін, азаматша Н. үйінде отырған кезде ол кісінің ұялы теле фонына поштаданбыз деп хабарласып, тариф уақыты өтіп кеткендігін, сол үшін ұзартуға ЖСН нөмірін сұрап біліп алып, бір ай уақыт өткен соң ұмыттырып, «1414» болып телефон шалып, Н. ның атынан белгісіз біреулер несие рәсімдеп жатқанын, соны тоқтату үшін қайтадан ЖСН нөмірін сұрап алып, үлкен кісінің қаржы жағынан сауатсыз екендігін пайдала нып, ол кісінің жинағындағы бар ақшаны банктен шешіп алғандығы белгілі болады. Кейіннен ол кісі заңгерге жолығып, банк көшірмесі арқылы ақшаның қай шотқа ақша түскендігі анықталып, жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа азаматтық талап қойылып, Н.-нің арызы қанағаттандырылды. Сотта жауапкер үлкен кісінің жағдайын түсініп, ақшасын өзі алмаса да кері қайтарып, тараптардың бітімге келулеріне байланысты азаматтық іс тоқтатылды. Күмәнді телефон қоңырауларына, онлайн жұмыс дегендерге жауап бер мей, толық мәліметтеріңізді, парольді айтпау керектігін ескерткім келеді. Егер түсініксіз болған жағдайда мамандармен ақылдасқан дұрыс.
Г.ЕГІЗБАЕВА,
заңгер

