«Жеңіл табыс»

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Балаңызды қауіптен қорғаңыз! Интернетте жасөспірімдерді «жеңіл табыс» деп алдап, есірткі тасуға (курьер/закладчик ретінде) тартып жатыр.
Есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Жаза мерзімі - 5 жылдан басталып, қылмыстың ауырлығына қарай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға созылады. Бұл істер бойынша рақымшылық (амнистия) мүлдем жасалмайды.
Баланың картасына (Kaspi) түсетін күдікті ақшаны және телефонындағы «NoteCam» қосымшасын тексеріңіз. Кез келген күдік туса немесе балаңызға қоқан-лоқы жасалса, Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы басқармасының сенім телефондарына дереу хабарласыңыз: 8-700-499-01-02, 30-31-90, 102.
 
Полиция бөлімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT