"ЖАЗҒЫ ДЕМЕАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ"

Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебінде оқушылардың жазғы демалыс кезеңінде өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, ықтимал тәуекелдердің алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында бірыңғай жеке қауіпсіздік сабақтары өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға судағы қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын дұрыс пайдалану, интернет қауіпсіздігі және бөгде адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілері оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертті.

Іс-шара барысында қауіпсіздікке байланысты бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT