Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары басты назарда

Құрметті ата-аналар!

Индер ауданы Полиция бөлімі жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударуға шақырады. Жаз мезгілінде балалардың бос уақыты көбейіп, көшеде, су айдындарында және ойын алаңдарында көп уақыт өткізетіні белгілі. Сондықтан әр ата-ана баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын үнемі бақылауда ұстауы қажет.

Балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтауды, бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді және қауіпті орындарда ойнамауды түсіндіріңіздер. Су жағасында балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Велосипед пен самокат тепкен кезде қауіпсіздік құралдарын қолдануына мән беріңіздер.

Сонымен қатар, интернет желісіндегі қауіпсіздікке де назар аудару маңызды. Балаларға әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерін жарияламауды және күмәнді сілтемелерге өтпеуді ескертіңіздер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT