Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жол-көлік оқиғалары салдарынан балалардың қаза болуы мен жарақат алу жағдайларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.
Жаз мезгілінде балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Олар көшеде, аулада, спорт және ойын алаңдарында болады, велосипед, самокат тебеді, демалыс орындарына барады, саяхаттайды.
Сондықтан дәл осы кезеңде балалардың қауіпсіздігі ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Осыған байланысты Ұлттық комиссия ата-аналарды, жүргізушілерді және барша азаматтарды алдағы жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады.

