Жасыл желек - болашаққа қалатын мұра

Ауданымызда жасыл желектердің егілуі – табиғатты қорғауға бағытталған маңызды экологиялық бастама. Ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаның тазалығын жақсартып қана қоймай, келешек ұрпаққа жайлы әрі көрікті мекен қалыптастырамыз. Жасыл желек ауаны тазартып, жаздың аптап ыстығында сая болып, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді.

 

Мұндай игі жұмыстар тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, туған жерге деген жауапкершілігін нығайтады. Сондықтан әрбір отырғызылған көшетті күтіп-баптау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бірге атқарылған осындай игі істер ауданымыздың ажарын арттырып, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына өз үлесін қосады.

Г.Қаракешова

аудан тұрғыны 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT