Жасыл мекен-жарқын болашақ

Адам баласы табиғатпен етене өмір сүреді. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығы мен әсемдігі әрқайсымызға тікелей әсер етеді. Өкінішке қарай, кейде демалыс орындарында немесе көшелерде бейберекет тасталған қоқыстарды кездестіреміз. Бұл табиғатқа ғана емес, қоғамның мәдени деңгейіне де әсер етеді.

Туған жердің тазалығын сақтау – елге деген құрметтің бір көрінісі. Ағаш отырғызу, сенбіліктерге қатысу, табиғатты қорғау сияқты қарапайым әрекеттер үлкен нәтижеге жеткізеді. Әсіресе жас ұрпаққа тазалықтың маңызын түсіндіру – маңызды міндет.

Егер әркім қоршаған ортаға жанашырлықпен қараса, Қазақстанымыз одан әрі көркейіп, өмір сүруге қолайлы мекенге айналады.

Г.Мулдагалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT