Алкогольді ішімдіктерді пайдалану – жасөспірімдердің денсаулығына ғана емес, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікке де кері әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға және тұтынуға тыйым салынған. Бұл талаптардың сақталуы – жас ұрпақтың қауіпсіз болашағы үшін маңызды.
Ішімдікке әуестік жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, тәртіпсіздіктің және түрлі келеңсіз жағдайлардың орын алуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан әр жас заң талаптарын сақтап, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет.
Салауатты өмір салтын ұстанып, білім мен спортқа көңіл бөлу – жарқын болашақтың кепілі.
А. Каукенова

