Жасөспірімдерге есірткінің зияндылығы түсіндірілді

Жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жастарға есірткінің адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Кездесу кезінде есірткіні қолданудың құқықтық салдары, заң алдындағы жауапкершілік және зиянды әдеттердің алдын алудың маңызы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді өткізуге және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

 

Мұндай профилактикалық кездесулердің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың өмірлік ұстанымын қалыптастыру және есірткіге қарсы иммунитетін күшейту.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT