#ЗАҢменТӘРТІП
Индер ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция майоры А. Кубашевтің қатысуымен аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жиындары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту. Жиынға аудандық прокуратура, білім бөлімі және мәдениет бөлімі басшылары қатысып, жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытында атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың себептері мен салдары, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі, буллинг пен интернет қауіпсіздігі, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын -жайдан тыс жүрмеу және т.б. мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Бөлім басшылары оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат беріп, заң бұзудың салдары әрбір жасөспірімнің болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде оқушылар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Осындай профилактикалық іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз!
аудандық полиция бөлімі



