Жасөспірімдер қауіпсіздігі -қоғамның ортақ міндеті

Индер ауданы, Көктоғай ауылындағы Б. Нысанбаев атындағы орта мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиналыс өтті.

Жиында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жол қауіпсіздігін сақтау, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеу, зиянды әдеттерден аулақ болу, зорлық-зомбылық, бопсалау және есірткінің қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 16 жасқа толған кезде жеке куәлікті уақытылы рәсімдеудің маңыздылығы айтылды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT