Индер ауданы полиция бөлімі Криминалдық полиция тобы қызметкерлері С.Сейфуллин мектебінде оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі құралдарының зияны және заңсыз айналымы үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Мақсат – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз ортаны қалыптастыру.
Жастардың қауіпсіздігі – ортақ міндет!
Индер аудандық полиция бөлімі



