Жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Өтпелі кезеңде кездесетін күйзеліс, жалғыздық сезімі, буллинг, отбасындағы түсініспеушілік немесе әлеуметтік желілердің кері әсері баланың көңіл күйіне ықпал етуі мүмкін.
Сондықтан ата-аналар, мұғалімдер және қоғам жасөспірімдердің жан дүниесіне мұқият қарап, олармен ашық сөйлесуге, қолдау көрсетуге және қиындықтарын тыңдауға дайын болуы қажет. Бала бойындағы мінез-құлықтың күрт өзгеруі немесе ұзақ уақытқа созылған күйзеліс байқалса, дер кезінде психологтың немесе басқа білікті маманның көмегіне жүгіну маңызды.
Әрбір жас өзін қауіпсіз, түсінікті әрі қадірлі сезінетін ортада өмір сүруге лайық. Қамқорлық, түсіністік және дер кезінде көрсетілген қолдау көптеген қиындықтың алдын алуға көмектеседі.
Ж.Нариманова


