Жасөркен лагерінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді

Ағымдағы жылдың 8 маусым күні Индер ауданының Елтай ауылында орналасқан «Жасөркен» жазғы демалыс лагеріне бірінші кезеңнің демалушылары келіп орналастырылды.

Жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, интернет желісін қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз ету.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT